Матчтардың бірінен көрініс. football.by сайтынанҚарағандылық «Шахтер» футбол клубы Беларустің БАТЭ командасына қарсы Чемпиондар лигасының бірінші ойынында сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Айта кетейік, турнирдің бұл кезеңінде қарағандылық «Шахтерге» басты қарсыластардың бірі осы БАТЭ командасы еді.
«Кеншілер» құрамасында алаңға 5 қорғаушы, 2 жартылай қорғаушы және 3 шабуылшы шықты.
Қарымта ойын 23 шілдеде сағат 19:30-да өтеді, кездесу «KAZsport» телеарнасында тікелей эфирден көрсетілмек.
БАТЭ (Борисов, Беларусь) — «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) 0:1 (0:0) Гол: Хижниченко 48 (0:1) Ескерту: М. Володько 61 — Симчевич 46, Порываев 79
БАТЭ: Горбунов, Гайдучек, Юревич, Филипенко, Поляков, Алексиевич (Кривец 60), Глеб (М. Володько 46), Павлов, Сиваков, Нехайчик (Концевой 76), Родионов
«Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый (Тарасов 76), Симчевич, Вичюс, Каньяс, Финонченко, Зенькович (Мұртазаев 74), Хижниченко
Бас төреші: Джон Битон (Шотландия)
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.