Саян ХайровҚырғызстан биылғы жылдың 16 мамырында Бішкекте ұсталған Іле Алатауы ұлттық паркіндегі қанды қырғынға кінәлі Саян Хайровты Қазақстанға қайтарады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, 16 мамырда Бішкек қаласының 8 шағын ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 1975 жылы ҚР Батыс Қазақстан облысы Бостандық кентінде туған, Қазақстан азаматы Саян Хайров ұсталды. Тұтқындау барысында күдікті Қырғызстан аумағында қолданған бірнеше жалған төлқұжат табылған.
Пәтерді тінту кезінде ТМД елдерінде экстемистік материалдар қатарына қосылған 3 кітап, арабша жазылған дәптерлер, планшет, мобилді телефондар, 5 симкарта, сондай-ақ доллар және сом түрінде ақша табылып, тәркіленді.
Радикалды діни ағымдардың мүшесі болып табылатын С.Хайровқа 2012 жылдың 13 тамызында Іле Алатауы ұлттық паркіндегі қанды қырғынды жасады деген күдікпен Қазақстанда іздеу жарияланған.
Дереккөз: bnews.kz