Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова хабарлады.
Оқиға бүгін, 15 шілде күні 08 сағатта орын алды. «Күріш алқабына тыңайтқыш (сульфат амония) себу кезінде АН-2 УП-А 0126 маркалы ұшақ (Астана Флоен-Спур қарасты) апатқа ұшыраған. Абырой болғанда, экипаж командирі А. Хан мен ұшқыш В.Стронети зардап шеккен жоқ",-дейді бас маман.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы төтенше жағдайлар басқармасының жедел тобынан 2 қызметкер, 1 техника, облыстық төтенше жағдайлар департаменті Шиелі аудандық өрт сөндіру бөлімінен 6 адам, 1 техника оқиға орнына аттанып кетті.
Дереккөз: ҚазАқпарат