24 және 25 жастағы екі ер адам 18 қазанда із-түзсіз жоғалып кеткен 23 жастағы қала тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінді. Сол күні қыз сағат 22:00 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.
Полицияға жоғалған қыздың анасы 20 қазан күні хабарласқан. Бүгін қызды өлтіріп, денесін Жайыққа тастағаны белгілі болды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қала тұрғынының жоғалып кетуіне қатысты «Адам ұрлау» және «Адам өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
- Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің басқа мәліметтері тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қыздың денесі табылған жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Айнұр САПАРОВА