Атырау, 8 қазан 04:44
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Қытай қазақтарына Қазақстанға виза алу жеңілдеді

1 742 просмотра

Тәуелсіздік жылдарынан бері қалың даудың ортасында келе жатқан Қазақстанның Үрімжідегі виза қызметі кәсіби дипломат Қайыржан Сәрсебаев басшы болғаннан бері тәртіпке түскен. Қазір Ерлан Ибрагим тізгінін ұстап отырған мекеме Қытайдағы қазақтарға бір жылға көп мәрте виза беруді бастады.

Бұл өте құптарлық жайт. Бірнеше жылдан бері БАҚ өкілдерінің тікелей араласуымен виза төңірегіндегі жемқорлық сейіліп, Қытайдағы қандастарымызға оңтайлылық туған. Дегенмен 3 айға ғана берілетін виза Шыңжаңдағы 3 аймаққа қоныстанған бауырларымыздың Үрімжіге барып-келуін жиілетіп, уақытқа да, қаражатқа да ауырлық түсіріп еді.

Ерлан Ибрагим мырза басшылыққа келе салысымен 3 айлық визаның қандастарымызға қиындық тудырып жатқанын айтқан(http://www.masa.kz/article/view/id/4007). Енді міне, Сыртқы министрлігінің тікелей қолға алуымен Қытайдағы бауырларымыз 1 жылдың ішінде қалаған уақытында Атажұртына келу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ең алдымен ағайындарымыздың елге оралуына игі ықпалын тигізеді. Өйткені қандастарымызға ол жақтағы баспанасын, дүние-мүлкін ақшаға жаратып, бала-шағасын бір жола Қазақастанға әкелу үшін аз уақыт кетпесі анық.

Іс ілгері болсын. Мұндай игі қадамды «Қазақ көшіне» қайта қамшы басу деп қабылдадық.

Дереккөз: masa.kz

12 шілде 2013, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.