Атырау, 4 қазан 17:43
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Баймағамбетовтің жазасын ұлғайтуды сұрады

3 409 просмотра
Кедендік бақылау комиетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл. Кедендік бақылау комиетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл. Прокуратура бүгін кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағамбетовке кесілген жазаны күшейтуді сұрады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Баймағамбетовтің ісін Астананың қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы қарап жатыр.

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық соты Серік Баймағамбетовті 2013 жылдың 8 қаңтарында "аса ірі көлемде пара алды" деп айыптап, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен еді. Сот оны "қызметтік өкілетін теріс мақсатта пайдаланды" деген айып бойынша ақтаған.

Прокурор Еркеғали Зәкіров Астана сотының Баймағамбетовті "қызметтік өкілетін теріс пайдалану" айыбы бойынша да кінәлі деп тауып, 3 жыл бас бостандығынан айыруды, ал "аса ірі көлемде пара алу" айыбы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ол екі айып бойынша жаза мерзімін біріктіріп 12 жылға соттап, мүлкін тәркілеуді сұраған.

Прокурордың айтуынша, Баймағамбетов "аса ауыр қылмыс жасағандықтан" соттың оны жартылай ақтаған бұрынғы шешімі негізсіз.

Серік Баймағамбетов кедендік бақылау комитетін 2011 жылдың мамырынан 2012 жылдың ақпанына дейін басқарған. Оған дейін ол ішкі істер министрі де болған.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
11 шілде 2013, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.