Атырау, 2 қараша 23:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Вице-министр теңгенің девальвациясына қатысты пікір білдірді

1 170 просмотра

Видео скриншоты

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов теңге девальвациясының тәуекелдері туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, бұған ешқандай негіз жоқ.

Біздің экспортымыздың қандай деңгейде екенін көріп отырсыздар. Биыл экспорт былтырға қарағанда әлдеқайда жоғары. Импорт түсіп кетті. Бізде қазір сауда тепе-теңдігі бар. Сондықтан бізде девальвацияға еш себеп жоқ, - деді вице-министр.

Шенеуніктің сөзінше, Қазақстанның ұлттық валютасы тұрақты.

Оған әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Өзге валюталар секілді ол да елдің экспорт-импортына тікелей байланысты болады. Соның салдарынан курс өзгеруі мүмкін. Валютаның тұрақтылығын өздеріңіз көріп отырсыздар. Ұлттық валютада депозиттердің кірістілігі, инфляцияны ескере отырып, шетел валютасына қарағанда әлдеқайда көп екенін де көріп отырсыздар. Жеке өзім ұлттық валютаның тұрақтылығына сенемін. Өз басым ұлттық валютаның жанкүйерімін. Ол тұрақты. Соңғы жылдардың динамикасы бұған дәлел, - деп түйіндеді сөзін ол.
10 қазан, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.