«Байқоңырда» «Протон» зымыран тасымалдағышы құлаған жерге тақау орналасқан елді-мекендердің топырағында және ауада гептилдің ұйғарымды концентрациясының шекті деңгейден артуы орын алған жоқ, тек жарылыс болған жерде ғана, шұңқырда ластану анықталды, осындай қорытынды сәрсенбіде жұмыс комиссиясының отырысында жарияланды.
«Елді-мекендердің топырағында және ауаға жасалған зертханалық сараптама қорытындылары бойынша гептил табылаған жоқ», - деді Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров.
Министрдің атап өтуінше, зымыран тасымалдағыш құлаған жер Ресей Федерациясы жалға алған аумақта, 81 мен 200-ші алаң аралығында жатыр. Зымыран құлағаннан кейін таяу аралықта орналасқан елді-мекендердің топырағы мен ауасынан сынама алынған.
ДМ-03 үдеткіш блогы және «Глонасс-М» үш ресейлік навигациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы 2 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңынан ұшырылымы жоспарланған болатын. «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымның 10 секундында жерге құлап, жарылды. Апат ұшыру алаңынан 2-3 шақырым жерде орын алды.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.