Ресей Қазақстанмен Жайық трансшекаралық өзенінің бассейнінің экожүйесін сақтау туралы келісімге 2013 жылдың соңына дейін қол қойылады деп сенеді деп мәлімдеді, сәрсенбіде Ресей Федерациясы табиғи ресурстар және экология министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нұритдин Инамов Астанада «Жайық өзенінің трансшекаралық бассейнінің өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдарының мүмкіндіктері» дөңгелек үстелі барысында.
"Мен оған биыл қол қойылғанын қалаймын, алайда мынадай сөз бар: «тараптар келісті, бірақ заңгерлер келді ", - деді Инамов.
Оның айтуынша, өзенді негізгі ластаушылар тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, тау кен өндірісі, кенді қайта өңдеуші кәсіпорындар. "Су экожүйелерін сақтау үшін, біздің ойымызша, шаралар қабылдау қажет, мысалы, Жайық өзені бойынша ынтымақтастықтың келісім-құқықтық базасын құру керек. Бұны Жайық бассейнінің экожүйесін сақтау туралы келісім жұмыстарын жеделдету есебінен қамтамасыз етуге болады", - деп есептейді Инамов.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.
В Атырау +3