Бүгін 26 қыркүйек күні сағат 12:50-де Атырау қаласы, Нұрсая ықшамауданындағы Модерн сити тұрғын үй кешенінің 4 қабатынан екі жасар бала терезеден құлап кетті.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланы ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізген.
Облыстық ТЖД ақпаратына сүйенсек, бұған дейін Атырауда балалардың терезен құлап кетуі бойынша 9 оқиға болған. Оның ішінде екі бала қайтыс болды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ