Атырау, 5 қазан 14:02
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жүкті келіншекті қағып өлтірген судьяға қатысты қылмыстық іс қозғалды

2 357 просмотра

Диана ӘлжановаДиана ӘлжановаАқмола облысында жүкті келіншек Диана Әлжанованы көлігімен қағып мерт қылған судьяға қатысты ақыры қылмыстық іс қозғалды. Бас прокуратура Еңбекшілдер аудандық сотының төрағасы Қайрат Тоқсанбаевқа адам өлімімен аяқталған жол апатын жасады деген айып тағып отыр.

Естеріңізге салсақ, бір ай бұрын Жөкей ауылы маңында жүйткіген жеңіл көлік тротуарда кетіп бара жатқан 17 жастағы жүкті келіншекті қағып өлтірген-ді. Тізгінде аудандық соттың төрағасы отырған. Бірақ куәгерлердің болғанына қарамастан, судья рөлде інім болды деп жауапкершіліктін жалтарып бақты. Десе де көлікті Тоқсанбаевтың өзі басқарғаны сот сараптамасы барысында дәлелденген. Әрі қанынан алкоголь де табылды. Енді судьяның өзі сот алдында жауап беретін болады

Дереккөз: КТК

10 шілде 2013, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.