Атырау, 20 сәуір 16:48
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Көлікті кім басқарады?

2 310 просмотра

Облыстық қаржы полициясының департаменті жүйке-неврологиялық аурухана мен наркологиялық диспансерде есепте тұрған тұлғаларға жүргізуші куәлігін беру фактісі бойынша тексеру жұмыстарын бастады.

ЭжСҚКД баспасөз қызметі таратқан баспасөз хабарламасында «департаменттің ақпараттық-талдау бөлімінің қызметкерлері жүргізуші куәлігін алу үшін облыстағы емдеу-профилактикалық мекемелерінде медициналық анықтамалардың берілуіне талдау жүргізді» делінген. 2009-2012 жылдары жол полициясының жүйке-неврологиялық ауруханада есепте тұрған 28 тұлғаға және наркологиялық диспансерде есепте тұрған 57 тұлғаға жүргізуші куәлігін бергендігі анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша наркологиялық диспансерде есепте тұрған және жүргізуші куәлігін алған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 325-бабының 1-ші және 3-ші тармақтары бойынша («Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу, көрiнеу жалған құжатты пайдалану») 6 қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұл қылмыстық істер сотқа жолданды. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық ішкі істер департаментіне селқостықпен қараған қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарымдар жолданды.

Мұрат СУЛТАНҒАЛИЕВ

5 шілде 2013, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.