ҚР ҰҒА академигі Сұлтан Сартаев «Астана – қалыптасқан мемлекеттің елордасы» тақырыбында Алматы әкімдігінде өткен «дөңгелек үстел» кезінде Қазақстанның бас қаласы Астанаға ҚР Тұңғыш Президентінің есімін беру туралы ұсыныс жасады. Ол өз ұсынысына қатысты пікірі жайында BNews.kz тілшісіне айтып берді.
«Біздің жаңа Астанамыз Президентіміздің идеяларымен құрылған. Қайда барсаңыз да, қайда қарасаңыз да сізге: «Ия, бұл Нұрсұлтан Әбішұлының идеясы, сәулетшілер оны жүзеге асырды» дейді. Бұл Нұрсұлтан қаласы республикамызға өз шуағын шашсын. Астана тұрғындары мұндай идеяға қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Себебі, олар елорданың кімнің күш салуымен құрылып жатқанын бізден жақсы біледі», – деп өз ұсынысына қатысты пікірімен бөлісті академик.
Дереккөз: bnews.kz