Атырау, 23 қараша 12:08
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Француз полицейлері Г.Каримованың пәтерін тінткен

2 029 просмотра

Француз полицейлері Өзбекстан президенті И.Каримовтың қызы Гүлнәр Каримованың пәтерін тінтті. Әзірге полиция рейді нақты қай жерде өткені белгісіз. Дегенмен «Өзбекстан ханшайымының» Францияда бірнеше пәтері бар екені анық, деп хабарлайды Newsru.com «Озоди» радиосына сілтеме жасап.

Аталған радио швейцария прокуратурасы өкілдеріне сілтеме жасап Г.Каримованың үйіне 18-ші маусымда тінту жасалғанын хабарлады.

Ташкентте байланысы бар дереккөзі полицейлер Париждегі пәтерде болғанын айтқан. Пәтер иесі операция кезінде Еуропада жүрген. Полицейлердің тінтуін естіген соң ол дереу арада Өзбекстанға оралған. Дереккөзі Каримова француз билігінің әрекетіне сотқа шағым түсіретінін атап көрсетіпті.

Швейцария прокуратурасының Өзбекстанның бірнеше азаматына қатысты істі қарап жатыр. Олардың барлығы Каримовамен байланысы бар тұлғалар, алайда кейбір деректерге қарағанда Өзбекстан президентінің қызына қатысты ешқандай іс қозғалмаған.

Швейцария прокуратурасы болса Франция полицейлері ақша жылыстату фактісіне қатысты іс бойынша бірнеше пәтерді тінткенін айтты.

Естеріңізге саламыз, Швеция мен Швейцария құқық қорғау органдары былтыр 2007 жылы Өзбекстан телекоммуникация нарығына ену үшін Каримованың жақтастарына 300 млн АҚШ доллары түрінде пара берді деген айыппен TeliaSonera қатысты іс қозғаған болатын. Бұған қоса прокуратура TeliaSonera-ның бірнеше қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғапты.

Дереккөз: bnews.kz

4 шілде 2013, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.