Атырау, 27 шілде 05:23
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Мысыр әскері М.Мурсиді қызметінен тайдырып, конституция күшін жойды

1 924 просмотра

Мысыр әскері Мысыр президенті Мохаммед Мурсидің қызметінен кеткенін және конституцияның өз күшін уақытша жойғанын жариялады, деп хабарлады Al-Jazeera телеарнасына сілтеме жасай отырып РБК.

Мысырдың уақытша басшысы болып Конституциялық сот төрағасы Адли Мансұр тағайындалды. Болжам бойынша, ол бейсенбі, 4 шілде күні ант қабылдайды. Адли Мансұр ресми түрде уақытша үкіметтің басшысы болады. А.Мансұрға өз құттықтауларын Сауд Арабиясының королі жолдады.

Уақытша министрлер кабинетінің қалыптасуынан басқа әскерилердің жоспары мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлаулардың өткізілуін қарастырады. Сайлауға дайындықпен арнайы комиссия айналысады.

Дереккөз: bnews.kz

4 шілде 2013, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.