Атырау, 2 мамыр 02:57
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ауласында сора өсірген

6 262 просмотра

Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВТЫҢ айтуынша, үй ауласынан арнайы күтім жасалып (қоршау салынып, үнемі су құйылған, арасында басқа өсімдіктер жоқ) өсіп тұрған 79 түп (салмағы 3 кг асатын) сора өсімдігі және тұрғын үйінің ішінен жалпы салмағы 1,46 грамм болатын кептірілген марихуана табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынған.

28 жастағы үй қожайынына қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы бойынша («Ірі мөлшерде сораның, құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егу және өсіру») қылмыстық іс көтерілген.

***

26 маусым күні Құлсары қаласының 4-ықшамауданында есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 42 жастағы ер адамды ұстады. Оның қалтасынан салмағы 0,1 грамм болатын пакетке оралған марихуана табылды.

Ол тұратын жеке үйдің ауласынан полицейлер тағы 36 түп сораны анықтаған. Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 259-бабы («Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА, Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.