Атырау, 26 сәуір 23:07
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жайықтан табылған мүрде

2 074 просмотра

Полицейлер мастықпен болған ұрыс-керіс салдарынан орын алған кісі өлтіру қылмысын ашты.

Облыстық ІІД баспасөз қыз-метінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 25 маусым күні тал түсте Бірінші учаскедегі Верхняя Садовая көше-сінің маңындағы Жайық өзенінде көптеген пышақ жарақаттарын алған ер адамның мүрдесі су бетіне жүзіп шықты. Сот-медициналық сарапшылар мүрдеден 6 жарақат тапты. Ешқандай айғақтар болмаған. Осы қылмысты ашу үшін облыстық ІІД бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Аян ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ басшылығымен ІІД мен ҚІІБ тәжірибелі қызметкерлерінен құралған тергеу-жедел тобы құрылды.

Тергеу ісі мүрденің Жайық өзенінің жағасына жақын маңдағы Энгельс көшесінің 51 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Оның 24 маусымға қараған түні Верхняя Садовая көшесінің 55 жастағы тұрғынының үйінде спирттік ішімдік ішкенін әңгімелеп берген куәгерлер табылды. 28 маусым күні соңғысы кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ол мастықпен төбелесу барысында бөтелкелесіне бірнеше мәрте асүй пышағынан жарақат салғанын мойындады. Содан соң мүрдені қол арбамен жағаға апарып, суға лақтырған. Мүрдемен бірге заттай айғақтан – қанға боялған үйіндегі заттарынан құтылыпты.

ҚР ҚК-нің 96-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.