Атырау, 23 қараша 22:05
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан инновациялық даму деңгейі бойынша әлемдік рейтингте жоғарылады

5 773 просмотра

Қазақстан инновациялық даму деңгейі бойынша Дүниежүілік зияткерлік меншік ұйымы мен INSEAD бизнес мектебі, Корнельским университеті жасайтын Global Innovation Index 2013тізімінде 84 орынға тұрақтады. BNews ақпарат агентігінің тілшісі жыл сайынғы Global Innovation Index есебіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан рейтингте 32,7 индекс алды (шкал бойынша  0-ден 100-ге дейін), яғни Эквадор мен Индонезияның ортасында тұр. Былтыр еліміздің индексі 31,9 болатын. Былтырғы рейтингте Қазақстан Свазиленд пен Парагвай ортасында болды. Олар қазір 100,  104-нші орындарға сырғып кетті. 

Global Innovation Index 2013 рейтингісінде бірінші орынжа Швейцария, екіншіде Швеция тұр. Үшінші орын рейтингте екі орынға жоғарылаған Ұлыбританияға тиген. Ресей рейтингте 11 орынға шегініп 62-нші болып тұр, Беларусь 77-нші орында, Тәжікстан – 101, Әзербайжан – 105, ал, Қырғызстан - 117-ші орындарда.

Сарапшылар 142 мемлекетті 84 көрсеткіш бойынша тадап шыққан. Оның ішінде жаңа бизнес ашудың жеңілдігі, салық, білім сапасы, микронесиелеу секілді талаптар бар.

Дереккөз: bnews.kz

3 шілде 2013, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.