Атырау, 18 желтоқсан 14:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Жолаушыларды су көлігімен тасымалдау 78,7% өсті

831 просмотра

Маусым мен шілде айларында ішкі су көлігімен 142,2 мың адам тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,6% артық (2023 жылғы маусым-шілде – 79,6 мың адам), деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Барлық қатынаудағы жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 318,1 млн теңгені құрады.

Ішкі су қатынасы Абай, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында бар.

Айта кетейік, ішкі су көлігіне жолаушылар кемелері мен серуен қайықтары жатады.

Жаздың екі айында жолаушыларды теңіз көлігімен тасымалдауда 8,4% төмендеу байқалды.

2024 жылдың маусым-шілде айларында 23,8 мың адам тасымалданды, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 26 мың адам болған.

Айта кетейік, Қазақстанда теңіз көлігі Атырау және Маңғыстау облыстарында бар.

13 тамыз, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.