Атырау, 23 қараша 21:41
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Протон-М» зымыран-тасығышының апатқа ұшырау себептері анықталуда

2 739 просмотра

БАЙҚОҢЫР. 2 шілде. ҚазАқпарат - ДМ-03 үдеткіш блогы және «Глонасс-М» үш ресейлік навигациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышының бүгін Астана уақыты бойынша сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңынан жасалған ұшырылымы апатпен аяқталды.

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде растағандай, «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымнан кейін 10 секундтан соң жерге құлап, жарылды.

Штаттан тыс жағдайдың себептері анықталу үстінде.

Аталмыш жағдай туралы Роскосмостың сайтында әзірге ресми ақпарат жоқ.

Аталмыш ұшырылымның мақсаты орбитадағы «ГЛОНАСС» ресейлік тобын толықтыру болды.

Дереккөз: inform.kz

2 шілде 2013, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.