Атырау, 20 ақпан 20:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыран-тасығышы алғашқы минуттарда жарылып, жерге құлады (ВИДЕО)

3 218 рет қаралды
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - ГЛОНАСС үш жерсерігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылғаннан кейінгі алғашқы минутта жерге құлады.

Ұшырылым «Ресей 24» арнасынан тікелей эфир арқылы көрсетілді. Зымыранды іске қосу кезінде штаттан тыс жағдай орын алғаны хабарлануда. «Протон-М» ДМ-03 үдеткіш блогымен жарақтандырылған болатын.

Тұңғыш рет ДМ-03 үдеткіш блогы 2010 жылы орнатылды. Онда құрастыру құжатындағы қателіктің салдарынан, зымыран-тасығыш 3 жер серікті орбитаға жеткізе алмаған болатын.

Дереккөз: inform.kz

 

2 шілде 2013, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.