Атырау, 12 қазан 15:35
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Астана мен Лондон стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

2 889 просмотра

АСТАНА,  1 шіл  –Қазақстан жаңалықтары АА. Астанада дүйсенбіде стратегиялық әріптестік туралы келісімге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және  Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон қол қойды.

«Біз алғаш рет Сіздің еліңізбен стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойып жатырмыз»,-деді елімізге алғашқы ресми сапармен келген Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Өткен жылы біздің елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл толды. Қазіргі уақытта Ұлыбритания Қазақстанға тартылған тікелей шетел инвестициясының көлемі бойынша АҚШ пен Нидерландиядан кейінгі үшінші орында. Ол 12 млрд. АҚШ долларын құрайды. Өткен жылы тауар айналымы 2,3 млрд. долларға жетті. Менің ойымша, біз бұл көрсеткіштерді айтарлықтай арттыра аламыз»,-деді ҚР Президенті.

«Мен біздің өзара қарым-қатынасымызды алдағы уақытта жаңа деңгейге көтеруге келіскенімізге қуаныштымын, бүгін біз қол қоятын әріптестік туралы келісім соның айғағы», - деді өз кезегінде Кэмерон.

Дереккөз: newskaz.kz

1 шілде 2013, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.