Атырау, 14 қаңтар 23:32
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қызылорда түбінде апатқа ұшыраған АН-2 әуе кемесінің қаза тапқан ұшқышы - Өзбекстан азаматы

2 075 рет қаралды
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - АН-2 ұшағында опат болған ұшқыш, әуе кемесінің командирі Өзбекстанның азаматы болып шықты.

Бұл туралы ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеше сағат 19.40-та Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің маңында әуе химиялық жұмыстарды жүргізу кезінде «Азия континенталь авиалайнс» әуе компаниясына тиесілі АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында 2 экипаж мүшесі болған.

Ұшақ командирі, Өзбекстан Республикасының азаматы Сергей Капилаж ажал құшты (сот-медициналық сараптама тағайындалды). Екінші ұшқыш Қазақстан Республикасының азаматы Валерий Силаволдың жағдайы ауыр, ол ауруханада жатыр.

Дереккөз: inform.kz

29 маусым 2013, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.