Атырау, 23 қараша 22:19
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматы билігі қауіпті жүкті тасымалдау ережелерін күшейтуді көздейді

2 092 просмотра

АСТАНА, 28 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Бейсенбі күні жанармай таситын жүк көлігінің апатқа ұшырау салдарынан ірі өрт орын алған  Алматы қаласының әкімдігі елді мекен аймақтарында оңай тұтанатын жүкті тасымалдау ережелерін күшейту мәселесін көтеруді көздейді, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин.  

2013 жылдың 27 маусымында сағат 10.00-де ірі жол - көлік апаты болды. «Helios» компаниясына тиесілі жанар май таситын көлік аударылып кеткен соң жарылған, соның салдарынан бензин сыртқа төгілген. Апаттың арты өртке ұласып, сол маңайды шарпыған. Алдын ала жасалған мәлімет бойынша 8 автомобиль отқа оранған. Жалын 9 қабатты үйді де шарпып өткен. 40 адам сыртқа шығарылған, бірақ бензовоздың жүргізушісі мерт болған, басқа адам шығыны жоқ.

ҚР Қылмыстық кодексінің  296-бабы «Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» және ҚР Қылмыстық кодексінің  297-бабы «Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйiндегi адамды көлiк құралын жүргiзуге жiберу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

ТЖ орнында шамамен 40 техника бірлігі және 350-ден астам мамандар жұмыс істеді. Қала басшысының өкімімен құрылған арнайы комиссия оқиғаның себебін анықтауда, сондай-ақ, өрттен келген залалды есептеуде. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша зардап шеккендерге айыпты адамның тарапынан өтемақы төленбек. Әкім, сондай-ақ, жанып кеткен автокөліктер мен пәтерлердің иелеріне материалдық көмек көрсетуді тапсырды.

Дереккөз: newskaz.kz

29 маусым 2013, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.