Атырау, 23 қараша 22:03
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«АрселорМиттал Теміртау» комбинатында өрттен кейін кокс батареяларының бірінші блогы іске қосылды

1 832 просмотра

Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатында алапат апаттың салдарын жою жұмыстары шұғыл қолға алынды. Бүгінде 4 кокс батареясы қайта іске қосылды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ХУ-1 коксохимиялық өндірісінде биылғы 26 маусым күні сағат 16.15-те темір-бетон түтін мұржасы опырылып кетіп, жарылған. №5 кокс батареясының аралық жылу қабырғасындағы жанғыш өнімдерді жоюға арналған мұржа бөлініп кеткен. Мұржаның сыртқы диаметрі 11 метрді, биікті 90 метрді құрайды.

Нәтижесінде диаметрі 2000 мм тікелей кокс газының газ құбырына зақым келіп, оның соңы кокс газының, көмір дайындау цехы галереясының өртенуіне әкеліп соқты. Коксохимиялық өндірістің химиялық ұстау цехының жұмысы тоқтатылды. Доменді, аглодоменді және прокаттық өндірістің жұмысы шектелген.

Абырой болғанда, адам құрбаны мен зардап шеккендер жоқ.
«Апаттың салдарын жою жоспарындағы белгіленген кестеге сәйкес діттелген барлық шаралар 100 пайыз орындалды. 27 маусым күні сағат 17.00-ге қарай 1-4 кокс батареяларының бірінші блогы іске қосылды», - делінген таратылған хабарламада.

«Комбинаттың газбен қамту жүйесінде кок газы пайда болды. Ол өндірістік бөлім және бас энергетика бөлімі арқылы тұтынушыларға бөлінуде. Ендігі міндет агломашиналарды іске қосу және доменді пештерді агломератпен қамтамасыз ете отырып, шойын мен құрыш өндірісіне шығу, үздіксіз дайындау құймасы мен слыбтарды алуға мүмкіндік беретін машиналар жұмысын жандандыру болып табылады», - деп атап өтті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу бойынша атқарушы директордың орынбасары Вадим Басин.
Апаттың себептерін анықтауға бағытталған арнайы комиссия құрылды. Оның салдарын жою және апатқа дейінгі жұмыс тәртібіне шығару мақсатында бағдарлама әзірленді.

«Апат орнында барлық түйінді мәселелер шешіліп, техникалық шаралар жоспарға сай жүзеге асып келеді. Бұл бағыттағы шаруа жалғастырылады. Бүгінде айқындалған міндеттердің орындалмауына негіз немесе күмән жоқ. Біз белгілеген жоспарлар уақытында іске асырылады», - деп сендірді Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

28 маусым 2013, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.