Атырау, 23 қараша 21:42
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан мен Румыния арасында Әскери кадрларды бірлесіп даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

2 281 просмотра

Астанада Румыния Премьер-министрінің Қазақстан Республикасына тұңғыш ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Румыния Ұлттық қорғаныс министрлігі арасында Әскери кадрларды бірлесіп даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Келісімге ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Иманжүсіп Ақпомбаев пен Румыния сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Богдан Ауреску қол қойды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Келісімнің мақсаты - Әскери қызметшілерді әскери оқу орындарында даярлау және өзара әскери кадрлардың біліктілігін жетілдіру.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі соңғы жылдар ішінде әскери білім мен әскери кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарғанын атап өткен жөн. Мұнда әскери қызметшілерді шетелде даярлауға ерекше көңіл бөлініп келеді.

«Біздің елдеріміз арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық өз дамуының бастапқы кезеңін өткеруде. Мемлекеттеріміздің қорғаныс министрліктері арасында әскери кадрларды бірлесіп даярлау саласындағы келісімге қол қойылды. Бұл құжат біліктілікті арттыру және әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру саласындағы біздің екіжақты ынтымақтастығымызды жандандыру жөніндегі қадамдардың бірі болмақ. Румыния Премьер-министрінің Қазақстанға тұңғыш ресми сапары біздің елдеріміздің көптеген салалардағы, соның ішінде әскери саладағы ынтымақтастығының жандана түсуі аясында айтарлықтай табысты болды», - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Иманжүсіп Ақпомбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

28 маусым 2013, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.