Атырау, 25 сәуір 14:45
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Алматыда жанармай таситын көлік дүкенге соғылды, тұрақтағы көліктер жарылып, ағаштар отқа оранды - ВИДЕО

2 277 просмотра
Фото ©twitter.com/@alim_zhanФото ©twitter.com/@alim_zhanАЛМАТЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда жағармай таситын көлік жарылысынан тұрғын үй отқа оранып, тұраққа қаңтарылған 4 темір тұлпар күлге айналды.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда жағармай таситын көлік жарылды. Ал, жалын жақын маңдағы 8 қабатты үйге де жетті.

Алдын ала болжам бойынша, жағармай таситын көлік көшеде қаңтарылған темір тұлпарларға соғылған, кейін аударылып, арыққа құлап кетті. Жағармай жерге төгіліп, салдарынан өрт шыққан. Жалын алдымен ғимараттың бірінші қабатындағы спорттық тауарлар дүкенін шарпыған, кейін жоғары қабаттарға да жетті. Аталмыш ауданды тәртіп сақшылары қоршауға алды. Жедел жәрдем қызметі жұмыс істеуде. Жергілікті тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылуда.

Куәгерлердің айтуынша, көшенің қарсы бағытында жалынның ыстық лебі сезілген. Қазір өрт сөндірілді. Әзірге жапа шеккендер туралы еш мәлімет жоқ.

Дереккөз: inform.kz

 

27 маусым 2013, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.