АСТАНА, 27 мау –Қазақстан жаңалықтары АА. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-дағы өндірістік апат орнына вице-премьер – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев аттанды, бүгін ол сонда Штаб отырысын өткізеді деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.
Апат салдарынан домна, аглодомендік және илек өндірісі шектелген.
ҚР ТЖМ мәліметіне қарағанда, сағат 17.45-те ӨСжАҚЖҚ, «Өрт сөндіруші» АҚФ күшімен жалын ауыздықталып, сағат 21.45-те толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ArcelorMittal трансұлттық компаниясының құрамына кіреді, Қазақстанның тау-кен металлургиясы саласындағы ең ірі кәсіпорны болып табылады.