Атырау, 27 қараша 08:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Зияткерлерді қабылдау емтиханы

3 976 просмотра

«Назарбаев зияткерлік мектебі» Атырауда 8 және 9-сынып оқушыларын қосымша жинау сынақтарын өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, мектепке 7, 8 және 9-сынып оқушыларын жинау қаңтарда өткізілген болатын. Бастапқыда 24 сынып жинау жоспарланған. Алайда іріктеу сындарынан сәтті өткендер саны көп болып, Атырау облысы бойынша оқу гранттарын 576 оқушы алған. Бұл 26 сынып жинақтауға мүмкіндік берді: 7-сыныпқа төрт қазақ және төрт орыс тілінде оқыту сыныптары, 8-сыныпқа бес қазақ және төрт орыс тілді, ал 9-сыныпқа төрт қазақ тілді және бес орыс тілінде оқыту сыныптары ашылды.

Алайда сыныптардағы балалар саны стандартты мөлшерден (24 адам) кем болып шықты. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектебі» автономды білім беру ұйымының басшылығы Атырау облысы бойынша қосымша оқушылар жинауға шешім қабылдады. Олар емтиханды қаңтарда болған жүйемен тапсырады. Байқау екі кезеңнен тұрады: кешенді тестілеу және жазбаша емтихан. Тестілеу салалық пәндер мен тілдер бойынша жүргізіледі. 8-сыныпқа түсушілер математикадан, биологиядан, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен сынақ тапсырады. 9-сыныпқа түсушілер де үш тілден, оған қоса химия мен биология пәндері бойынша тестілеуден өтеді. Тестіде әр пән бойынша 15 сұрақ бар және бәріне жауап беруге 112 минут беріледі. Емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кемінде 40% дұрыс жауап жинауы керек. Екінші турда оқушыларды әрқайсысында үш ауырлық деңгейде 5 тапсырмасы бар екі салалық пәннен жазбаша емтихан күтеді. Әр пәнге дайындалуға 90 минут белгіленген. Барлық тестілер мен тапсырмалар мектеп бағдарламасы бойынша дайындалған.

Құжаттарды Кіші өнер академиясында орналасқан «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» Атыраудағы өкілдігіне 4 шілдеге дейін тапсыру керек. Бірінші емтихан 11 шілдеге белгіленген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.