Атырау, 23 қараша 21:40
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2024 жылдың ІІ тоқсанында Атырау облысының тұрғындары 116 құйма алтын сатып алған

661 просмотра

2024 жылдың II тоқсанында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 779,2 келі 14 752 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 7 тонна 185 295 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 100 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 25% – 46 007 дана. Одан кейін 10 грамдық алтын құйма – 45 781 дана (25%), 5 грамдық құйма – 41 592 дана (22%), 20 грамдық құйма – 29 796  дана (16%), және 50 грамдық құйма – 22 119 дана (12%).

2024 жылғы II тоқсанда алтын құймаларды іске асырудың ең үлкен көлемі келесі өңірлерге келді: Алматы (9 705 дана, 66%), Жетісу облысы (1 515 дана, 10%) және Шымкент (1 173 дана, 8%).

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама  басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес пунктер жалпы салмағы 1 тонна 38 374 алтын құйманы кері сатып алған. Бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 21%-ы. Олар кері сатып алуға қабылдаған өлшеуіш құймалардың барлығы дерлік халыққа Ұлттық Банктің филиалдарына кері тапсырусыз сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз.

Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес пунктерден сатып алып, кері сатуға болады.

23 шілде, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.