Атырау, 26 қараша 09:15
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Әкімшілік» етіне күріш, май және қант қосылды

3 300 просмотра

24-наурыздан бастап халыққа келісі бір мың теңге тұратын 8 тонна «әкімшілік» еті сатыла бастаған еді.

«АтырауАгроСервис» (баға тұрақтандыру жөніндегі бағдарлама операторы)басшысы Асқар БИСЕНОВТЫҢ айтуынша, басқа аймақтардан сатып алынған сиыр еті күн сайын 7 сауда нүктелеріне - «Дина», «Көктем», «Насиха» базарларына, Алмагүл ықшамауданы мен Балықшыдағы «Атаба», 4-ші ықшам аудан мен Привокзальныйдағы «Лидер» супермаркеттеріне түседі.

Таяу күндері Қызылордадан 136 тонна күріш тиеген екі вагон келді. Оның келісін 120 теңгеден сату жоспарлануда («Динада» қазір 200 теңгеден сатады). Бүгін теміржол стансасына Оралдан 121 тонна сары май тиеген вагондар келмек. Оның келісі 289 теңгеден сатылмақ («Динада» қазіргі бағасы 400 теңгеден). Сондай-ақ, бірер күнде Ресейден қант пен өсімдік майын тиеген бірнеше вагон келмек. Қант келісін 202теңгеден («Динада» қазір 230 теңгеден) және «Майское» өсімдік майының литрін 286 теңгеден («Динада» қазір 320 теңге) сататын болады.

Мұның керемет екендігімен ешкім де дауласпайды. Алайда «әкімшілік» еттің қалай сатылып жатқандығы наразылық тудырады. Сатушылар жақсы кесек еттерге сүйектерді қоса береді, бізге осындай бұйрық келген дейді. Қалай еткенде де, әйтеуір, бір нәрсе шығып тұрады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 сәуір 2011, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.