Атырау, 27 желтоқсан 08:20
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Мәжіліс қазақстандықтарға травматикалық қаруды иеленуге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

1 743 просмотра

АСТАНА,  26  мау  –Қазақстан жаңалықтары АА. Мәжіліс «Ішкі істер органдары туралы» заң жобаларын республика халқына травматикалық қаруды иеленуге тыйым салуды қарастыратын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда  мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Палатаның заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қорытындысына сәйкес «Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен құқық қорғау органдарының қарумен қамтамасыз етілу құқығы, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің атыс қаруымен қатар, өзге де қаруды қолдану құқығы қарастырылған.

Қазақстанның ІІМ атап айтқанда азаматтық айналымнан травматикалық қаруды алып тастауды және оны  қызметтік санатқа көшіруді, сондақ-ақ қаруды полицейлерге олардың өміріне қол сұғу жағдайында ескетусіз  қолдануға рұқсат беруді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ұсталғандардың құқығын есепке алуға міндеттеуді ұсынады. " (Травматикалық) қаруды алып тастау керек, талықсытпалы және газ қаруын қалдыру керек",-деді ішкі істер министрі  Қалмұханбет Қасымов, сәрсенбіде мәжілісте жасаған баяндамасында.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

26 маусым 2013, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.