Атырау, 7 қараша 15:47
 қар жаууы ықтималВ Атырау +3
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

«А» корпусына кадрлық резерв жасақтау жұмысының қорытындысы шығарылды

2 111 просмотра

Ақордада Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Ұлттық комиссияның отырысында мемлекеттік қызметтің «А» корпусына кадрлық резерв жасақтау жөніндегі жұмыстың қорытындысы шығарылды.

2013 жылғы 4 – 21 маусым аралығында Комиссияның 14 отырысы өтті, оның барысында тестілеу кезеңінен өткен 1121 үміткердің әрқайсысымен әңгімелесу жүргізілді. Нәтижесінде Комиссия 940 кандидатты «А» корпусының кадрлық резервіне алуды ұсынды. Бұл ретте тестілеу қорытындылары, қалалар мен аудандардың даму рейтингілері, мемлекеттік органдар тиімділігін бағалау, сондай-ақ құқық қорғау органдарының мәліметтері ескерілді.

Кадрлық резевке іріктеуге қатысу үшін барлығы 2024 адамнан өтініш түсті.

Кадрлық резерв құрамын Президент мақұлдады және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында жарияланды.

Осы орайда, Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сәйкес, қатаң іріктеу негізінде мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын іске асыруға жауапты кәсіби басқарушылардың принципті жаңа тобы – «А» корпусы жасақталды.

Дереккөз: bnews.kz

25 маусым 2013, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.