Атырау, 12 желтоқсан 19:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Назарбаев: мемлекет Қазақстандағы денсаулық сақтауды дамытуға зор мән беруде

2 935 просмотра

Мемлекет соңғы жылдары денсаулық сақтау саласын дамытуға зор мән беруде деп мәлімдеді жұмыс сапарымен келген  республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбіде Павлодар қаласының № 4 емханасына барған кезде.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, емхананы аралау барысында Қазақстан Президентіне «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын өңірде іске асыру барысы туралы баяндалды, сондай-ақ заманауи емдеу жабдықтары көрсетіліп, емхананың жұмысы туралы айтылды.

 «Бұл емхана «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынды. Тағы 6 медициналық мекеменің және 4 жалпы білім беретін мектептің пайдалануға берілуі бағдарламаның табысты жүзеге асқанын білдіреді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта елімізде перинаталдық орталықтар салынды, шала туған балаларға көмектесу үшін жаңа жабдықтармен жабдықталды. Қазақстанда жыл сайын 400 мың бала дүниеге келеді. Мемлекет оларға, сондай-ақ олардың отбасыларына барлық қажетті жағдай жасауда. Сонымен қатар, зейнетақы реформасын жүргізе отырып, әйелдерге бала күтімі кезіндегі уақыты үшін зейнетақы қорына аударылымын жоғалтпауға мүмкіндік беретін механизмді қарастырдық. Бұл үшін мемлекет қосымша 10 пайыз жарна төлейтін болады, бұл қосымша әлеуметтік қолдау болып табылады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті елімізде кардиохиругияны дамытуға көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Жалпы ашылып жатқан ірі медицина орталықтары қазақстандықтарға қымбат ем алу үшін шетелге шықпай, елімізде сапалы көмек алуға жағдай жасайды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

24 маусым 2013, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.