Көрнекі сурет.23 маусымда футболдан ел чемпионатының 16-туры аясында «Атырау» Қарағандыда жергілікті «Шахтерден» 2:3 есебімен ұтылып қалды.
Ойындағы есепті алаң иелерінің қорғаушысы Алдин ДЖИДИЧ 8-минутта ашты. 49-минутта шабуылшы Дәуренбек ТӘЖІМБЕТОВ есепті 2:0-ге жеткізді. Ойынның 59-минутында «Атырау» капитаны Валентин ЧУРЕЕВ айып алаңының сыртынан қатты соққы беріп, «тоғыздықтан» гол соқты. 75 минутта «Шахтер» ойыншысы Игорь ЗЕНЬКОВИЧ тағы бір доптың авторы атанды. Ол осы чемпионаттағы 10-добымен мергендер сайысында көш бастады. 81-минутта «Атыраудың» жас шабуылшысы Айбар НҰРЫБЕКОВ доп айырмасын қысқартты. Ойынның соңы ұсақ жанжалдармен өтіп, «Шахтердің» бір ойыншысы алаңнан қуылды. Біздікілер ойын аяғынан дейін шабуылдағанмен, есеп сол күйінде қалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ