Атырау, 1 желтоқсан 02:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Түркиядан Атырауға депортацияланды

1 947 просмотра

19 маусымда Түркияның құқыққорғау органдары халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы У.-ды депортациялады.

Сол күні оны Астанадағы ҰҚК қызметкерлері ұстап, Атырауға жеткізді. Бұл туралы 21 маусымда брифингте Атырау облыстық прокуратурасы қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысына заңдылықты қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы Балнұр ЕСЕНГЕЛДИНОВ хабарлады. Бұл азамат террористік топқа қатысқан деп айыпталуда.

- 2012 жылдың 18 сәуірінде Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты Атырау облысындағы лаңкестік қызметке қатысы бар 42 тұлғаға қатысты айыптау үкімін шығарды. Тергеу барысында осы лаңкестік топтың қызметіне қатысы бар тағы 13 тұлғаға іздеу жарияланған еді. Міне, оның біреуі ұсталды, - дейді Б. Есенгелдинов.

Бір қызығы, Түркия билігі оны визалық режимді бұзғаны үшін депортациялаған. Бізде ол ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабы («Терроризм») және 164-бабы («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру») бойынша айыпталуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 маусым 2013, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.