АСТАНА, 21 мау –Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарланады Ақорданың сайтында.
Заңға сәйкес әйелдер үшін зейнетке шығу жасын кезеңмен көтеру 2018 жылғы 1 қаңтардан басталады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Дереккөз: newskaz.kz
22 маусым 2013, 14:42