Атырау, 10 қараша 21:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Желмен жарысқан бумер

2 719 просмотра

Көрнекі сурет.Көрнекі сурет.Қарағандыда ұрланған «BMW»көлігі Қазақстан аумағының басым бөлігінен, жол полициясының барлық бекеттерінен аман-сау өтіп, тек Атырау облысының аудан орталығының бірі – Мақат поселкесінен ұсталды.

Көлікті Қарағандыдағы техникалық қызмет көрсету стансасының бірінің ауласынан Ақтөбенің 23 жастағы екі тұрғыны (оның бірі осы стансада жұмыс істеген) ұрлап айдап кетіп, онымен алыс жолға шыққан екен. Сыбайластардың осындай қашықтықты көлік құжатынсыз, тіпті ең болмаса біреуінің жүргізуші куәлігінсіз жүріп өткендігі таң қаларлық, бірақ бұл факті орын алған.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, маусымның 20-сынан 21-іне қараған түні жол полициясының үш қызметкері бағдардағы сипатталған көлікке ұқсас шетелдік маркадағы көлікті тоқтатқан. Ал күмәнді қара «бумер» шынымен ұрланған көлік боп шықты.

Көлік ұрлаушыларды ұстады. Түннің қалған бөлігін олар Мақат ауданындағы АІІБ-нің уақытша ұстау изоляторында өткізді. Ал бүгін таңертең оларды Атырауға жеткізді. Айтпақшы, олардың «саяхатының» жету нүктесі біздің қаламыз болған екен.

Анастасия ПАСТУХОВА

21 маусым 2013, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.