Атырау, 23 қараша 22:05
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Импортталатын ұнтақ сүт ұлт денсаулығына қауіпті – Д.Назарбаева

2 176 просмотра

Қазақстанда импорталатын ұнтақ сүт бақыланбайды, ол өз кезегінде ұлт денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «ҚР-да мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы» тақырыбында өткен парламенттік тыңдаулар барысында ҚР Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Депутат ханымның келітіріп өткен мәліметтеріне сәйкес, отандық дүкендердің сөрелерінде қазіргі уақытта атауы 8-ден 27-ге дейін жететін импорттық сүт өнімдері саудалануда. 

«Көп жағдайда құрғат ұнтақ сүт импортталады», - деп атап өткен депутат қазақстандық өндірушілер де шикізаттың тапшылығын импорттық ұнтақпен жауып отырғанын алға тартты.

«Қай жағдай болмасын, техникалық регламент сақталмайды, тауарларда маркалары жоқ. Халық ұнтақ сүттің денсаулыққа зияны туралы бейхабар. Ғалымдар дәл осы тауар инсульт, инфаркт, тіпті онкологиялық дерттердің себепкері деп дабыл қағуда. Ал бюджеттік ұйымдар балабақша, мектептер мен ауруханалар үшін қаптатып ұнтақ сүт сатып алып жатыр. Осындай жағдайда ұлт денсаулығы туралы қалай әңгіме қозғауға болады? Ұнтақ сүттің импорты күннен күнге арта түсуде, ал оны бақылайтын ешкім жоқ», - деген наразылығын жеткізді Дариға Назарбаева.

Дереккөз: bnews.kz

21 маусым 2013, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.