Атырау, 10 қазан 02:59
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Қазақстанның әскери соты Владислав Челахтың өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырды

2 189 просмотра

Қазақстанның әскери соты жұма күні 2012 жылғы желтоқсанда 14 қызметтесін өлтіргені үшін сотталған Владислав Челахтың өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз, ал адвокаттың кассациялық шағымы қанағаттанырусыз қалдырды, деп хабарлады агенттіктің тілшісі.

«Қылмыстық істер жөініндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 2012 жылғы 11 желтоқсандағы үкімі мен республика Әскери сотының  қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық соттың 2013 жылғы 6 ақпандағы қаулысы өзгеріссіз, адвокаттың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын», - деді судья қаулыны оқып.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

21 маусым 2013, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.