Атырау, 23 желтоқсан 07:22
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тісін жұтып қойған сәби үш клиникалық өлімнен кейін аман қалды

920 просмотра

11 маусым күні кешкі сағат 19:23-те «103» пультіне кішкентай бала қақалып жатқаны жөнінде шақырту түскен. Жедел жәрдем бригадасы бес минут ішінде жеткен кезде 2019 жылы туған бала ес-түссіз жатқан. 

- Балада пульс жоқ, дем алысы жоқ, жатты. Әкесінің айтуынша, 10 минут бұрын астыңғы күрек тісі түсіп, байқаусызда сол тісті жұтып қақалып қалған. Әкесі жедел-жәрдем бригадасы келгенше өздігінен жүрек-өкпе реанимациясын  жасағанымен сәтсіз аяқталған. Фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Айбек Жеңісов реанимациялық шараға кірісіп, барлық апараттарды дайындап кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясын бастады. 3 цикл жасағаннан кейін балада тіршілік нышаны пайда болды, - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айгерім САБЫРОВА.

Реанимациядан кейін де балада кері клиникалық өлім белгісі байқалып, қайтып жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырған. Жедел-жәрдем автокөлігінің ішінде ауруханаға жеткенше үш рет жүрегі тоқтап, реанимация сәтті болып, ауыр жағдайда Атырау облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімшесіне жеткізілді. Қазір бала жансақтау бөлімінде.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 маусым, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.