Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласынан 76 км қашықтықта жол апатынан жазушы Әбіш Кекілбаевтың үлкен ұлы Әулет Қожаназар мен медицина саласының белгілі профессоры Нұрлан Қайшыбаев (суретте) қайтыс болды.
Нұрлан Қайшыбаев пен Әулет Қожаназар отбасыларымен бірге Бекет әулиенің кесенесіне мінәжат етуге бара жатыр екен. Олар мінген «Toyota Land Cruiser-100» көлігін Әулет Қожаназар жүргізіпті. Қатты жылдамдықпен келе жатқан машинаның оң жақтағы алдыңғы дөңгелегі кенеттен тесіліп кетіп, машина аунап кеткен. Әулет пен Нұрлан сол сәтте қайтыс болған. Ал Әулеттің әйелі Жаңыл және Нұрланның 6 жасар қызы жарақаты ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Машинаның ішіндегі тағы екі адам бар екен – олар аман қалыпты.
Дереккөз: serke.org