Атырау, 24 қараша 10:58
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда күшікті қорлаған: қылмыстық іс қозғалды

Бейнежазба
673 просмотра

Бүгін, 22 мамырда әлеуметтік желіде жануарға қатыгездік танытқан видео пайда болды.  Бала көтерген ер адам күшікті үлкендер мен балалардың көзінше лақтырып жібереді.

Полиция департаменті оқиғаның «Жұлдыз» ықшам ауданында орналасқан балабақша ауласында болғанын хабарлады.  30 жастағы ер адам күшікті теуіп, жарға лақтырып, қараусыз жүрген күшікті қинаған.

Осы факті бойынша күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабымен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды.  Айта кетейік, жануарларды кәмелетке толмағандардың көзінше азаптау жазасы анағұрлым қатал – 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не төрт жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу/ айыру,  белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен қатар екі жылға дейінгі мерзімге немесе онсыз бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Айнұр САПАРОВА 

22 мамыр, 22:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.