Атырау, 23 қараша 22:23
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жамбыл облысында жауған бұршақ салдарынан 170-тен астам мал қырылып, егіс алқаптары зардап шекті

2 370 просмотра

 "Қазақстан жаңалықтары" АА. ШҚО ТЖД.АСТАНА, 18 мау  –Қазақстан жаңалықтары АА. Жамбыл облысында жауған бұршақтан 170  мал қырылып, үйлер мен әкімшілік ғимараттардың шатырлары зақымданған, егіс алқаптары  зардап шеккен деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметінен.

«Қорағаты ауылдық округінде бұршақ салдарынан жайылымда жүрген 139 ұсақ мал, 350-500 үй құсы қырылып, 304 тұрғын үйдің шатыры қирап,терезелері мен сыртқы қабаттары зақымданған. Мойынқұм ауылында мектептің аумағы 520 шаршы метрге тең шатыры, терезелері қираған. Сонымен қатар арпа (95 га), бақша дақылдары (560 га), жүгері (290 га), картоп (84 га), күнбағыс (202 га), көкөніс (380 га) алқабтары зақымданған»,-делінген хабарламада. 

Дулат ауыл округінде бұршақтан 37 бас ұсақ мал, тоқ соққаннан 2 бас ірі мал қырылған. 121 тұрғын үйдің, Байбек ауылында М.Мәметова атындағы орта мектептің шарыты мен терезелері қираған. Жауын-шашыннан зардап шеккен егістіктің көлемі әлі нақтыланып жатыр.

Балуан шолақ ауыл округінде 14 тұрғын үйдің, мәдениет үйінің, отбасылық дәрігерлік амбулатория шаруашылық құрылысының жалпы аумағы 416 шаршы метрге тең шарыты мен терезелері шағылған. Зақымданған егістік алқабының көлемі – 9 га.

Дереккөз: newskaz.kz

18 маусым 2013, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.