Атырау, 27 желтоқсан 04:18
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қазақстанда жүзу сабақтары мектеп бағдарламасына енгізілуі мүмкін - ТЖМ

2 072 просмотра

АСТАНА, 18 мау  –Қазақстан жаңалықтары АА. Төтенше жағдайлар министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Туризм істері жөніндегі агенттік міндетті мектеп бағдарламасына «дене шынықтыру» пәні аясында жүзу сабақтарын енгізу мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов.
 
«Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі және Туризм және спорт агенттігімен бірге жүзу сабақтарын міндетті бағдарламаға енгізу мәселесі қаралуда», - деді А. Советов.

Сонымен қатар, өткен жылдан бастап министрлік балаларды жүзуге үйрету бойынша жұмысты бастап кетті. Осылайша, 2012 жылы 12,5 мыңнан астам бала жүзуді үйренді.

Оған қоса, оның айтуынша, су қоймаларының жанында орналасқан 200 балалар лагері ерекше бақылауға алынған.

Дереккөз: newskaz.kz

18 маусым 2013, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.