Атырау, 13 қаңтар 02:57
 бұлттыВ Атырау -2
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Шетелдің күдікті оқу орындарында діни білім алушылар елге қайтарылады

2 203 просмотра

ҚР Дін істері агенттігі мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы бірлесе отырып, шетелдерде діни білім алып жатқан студенттерді елімізге қайтарамыз деп жазады ИА Новости-Казахстан агенттігі Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифтің Мәжілістегі «үкіметтік сағатында» жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық студенттерді шетелдердің күдік келтірген оқу орындарынан елге қайтару ісі жүргізіледі. Студенттерді «Нұр» қазақ-египет ислам университетіне ауыстыру қарастырылуда» деп мәлімдеді Лама Шариф.
Оның сөзіне қарағанда 2011 жылы Қазақстаннан шетелдерде діни білім алған студенттердің саны 500-ден асқан. Агенттік төрағасы Қазақстанның ислам елдеріндегі елшіліктерімен тиянақты жұмыс нәтижесінде барлық студенттер туралы мәліметтер алынып, деректер әкімдіктерге жіберіліп, әкімдіктер студенттердің ата-аналарымен әңгімелесіп, көптеген студенттерді ата-аналары елге алып қайтқанын хабарлады.
«2011-2012 жылдары елге 130 азамат оралған» дей келе, Мысырда 200-ден астам, Сауд Арабиясында 59, Пәкістанда 60-тан астам студент оқып жатқанын атап өтті.

Дереккөз: Baq.kz  

17 маусым 2013, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.