Облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Әлия Шермағамбетова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында күдікті анықталғанын хабарлады. Ол 1975 жылы туған Ақтау қаласының бұрынғы тұрғыны. ІІД өкілі сондай-ақ тәртіп сақшылары оның сөмкесінен «Байкал» тапаншасын, автомат пен оққа қарсы екі кеудешені тапқанын атап өтті.
Полицейлер қылмысты «ізін суытпай» ашты. Оқиғаның болжамды себептері бүгін Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз мәслихатында айтылатын болады.
Дереккөз: inform.kz