АСТАНА, 11 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан заңдарына түзетулер мен озгерістер орынсыз жиі енгізілуде, деп мәлім етті отырысында ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Игорь Рогов.
«Конституциялық Кеңес қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілерге орынсыз жиілетіп өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырғанын, ал мұның заң шығармашылығындағы кемшіліктердің бірі болып табылатындығын атап өтеді», - деді И. Рогов палата парламенттерінің бірлескен отырысыныда.
Оның айтуынша, тек 2012 жылы ғана республиканың Әкімшілік кодексіне 25 заңмен, Салық кодексіне 20 заңмен түзетулер енгізілген.
«Еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйін айқындау және бағамдау қолданыстағы құқық дамуының белгілі бір қорытындысын шығаруды ғана емес, заңнамалық реттеудің проблемаларын анықтауды қажет етеді», - деді Конституциялық Кеңестің Төрағасы.
Сонымен қатар, И. Рогов заңнама нормаларындағы кейбір ұғымдардың ашып көрсетілмегеніне де назар аударды. «Заңдарда пайдаланылатын «алып қою» және «мәжбүрлеп айыру» терминдерінің ұғымы мен айырмашылығы ашып көрсетілмеді.
Дереккөз: newskaz.kz