Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Түркия билігі Гези саябағы мәселесін референдум арқылы шешуді ұсынды

1 566 просмотра

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдағы Тақсым алаңында екі аптадан бері өтіп жатқан наразылық акциясы тоқтайтын емес. Ереуілшілер тағы да жиналып, бүлікке салған болатын. Осыған орай, бүгін түрік үкіметінің өкілдері Ердоғанның қарсыластарының Гези саябағына қатысты көтерген мәселесін референдумға салуға уәде берді.

«Ыстамбұлдық полиция өкілдері Тақсым алаңында қақтығысып қалған ереуілшілердің 90-ға жуық белсендісін тұтқындады. Қарсылық танытып, шеруге шыққандар тәртіп сақшыларына тас боратып, Молотов коктейлін лақтырды. Екі апта бойғы тәртіпсіздік кезінде полицейлер ереуілдеушілердің өкілдерін бір емес, бірнеше мәрте тұтқындап, сұрау алғаннан кейін қоя беріп отырған болатын. Бұл жолғы қолға түскендерді енді соттаймыз деп отыр. Арнайы жасақ осының алдында екі күні бойы су атқылау арқылы шеруді сейілткен болатын», - деп жазады muslim.kz сайты.

Тоқтала кететін жайт, тәртіпсіздіктің кесірінен 4 адам қайтыс болып, 5 мыңға жуық адам жарақат алған.

Дереккөз: inform.kz

14 маусым 2013, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.