Атырау, 23 қараша 12:00
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Грекия мемлекеттік телерадио хабар таратуды тоқтатты

1 655 просмотра
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Кәсіби одақтар үкіметтің ERT мемлекеттік компаниясының телерадио хабар таратуын жабу туралы шешімін бірден сынға алды.

Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.

Грекия үкіметі күтпеген жерден ERT мемлекеттік компаниясының телерадио хабар таратуын тоқтату туралы жариялады.

Үкіметтің баспасөз хатшысы Симос Кедикоглу хабар тарату сәрсенбі, 12 маусым күні таңертең тоқтатылатынын мәлім етті.

ERT телекорпорациясында еңбек ететін 2500 адам «компанияны қайта ашу мүмкін болғанша» жұмыстан босатылады.

Бұл шешім үкіметтің елді дағдарыстан алып шығу үшін шығындарды азайтудың кезекті шарасы болып табылады.

Дереккөз: inform.kz

13 маусым 2013, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.